1.«Прописка» шығармасындағы басты кейіпкердің елге оралуындағы басты мақсаты қандай?
А) тіркеуге отыру
В) ауылда жұмыс істеу
С) ауылда уақыт өткізу
Д) ағасының жанында болу [1]
2. «Ана тілі» өлеңінің негізгі идеясы қандай?
А) Өнер алды – қызыл тіл.
В) Тіл – қарым-қатынас құралы.
С) Тіл жойылса, ел де жойылады.
Д) Бірнеше тіл білу - ел болашағы. [1]
3. «Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ...» - осы өлең жолдарында автор қандай мәселені алға тартып отыр?
А) тіл тарихы туралы
В) өзге тілді меңгеру қажеттігі
С) шет тілдерінің басымдылығы
Д) ана тілінің жойылып бара жатқаны [1]
4. «Менің Дағыстаным» шығармасында көтерілген басты мәселе қандай?
А) туған жерден кету
В) ата-ана сағынышы мен арманы
С) ана сүтімен берілген тілді ұмыту
Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы [1]
5. Суретшінің салған суретінде қай халықтың аңызы бейнеленген?
А) қазақ В) түрік С) авар Д)француз [1]
6. «Менің Дағыстаным» шығармасындағы тұман мен тордағы құс нені білдіреді. Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.
[2]
7.«Менің Дағыстаным» шығармасындағы ананың сөзімен келісесіз бе? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз
[2]
8.«Ана тілі ана сүтімен беріледі, ана тілін ұмыту - анаңды ұмытумен бірдей» тақырыбында көлемі 100-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Оқыған шығармадан дәлел келтіріңіз. Эссе құрылымын сақтаңыз.
6