1. Органикалық отынның қорлары: мұнай, газ және көмiр - қазiргi энергетикада ең сұраныстағы қорлардың қатарында – және де айтарлықтай шектеулі мөлшерде. Ерте ме кеш пе бұл қорлар сарқылатын кезең де туады. Мұнай, газ және көмiр қорларын қалыптастыру үшін табиғатқа миллион жыл қажет болады және де теңдессіз шығынға ұшырайды. ХХ ғғ. аяғына қарай мұнайды өндіру және тұтыну, сонымен қатар әлемдiк нарықта мұнай бағасына тікелей қатысты тарихта алғаш рет дағдарыс болды. 1970-1980 жылдары энергияны тұтынуы мұнайдың бағасының қатты өсуіне әсер ететiн органикалық отынның ресурстарымен мөлшерлес болды. Нәтижесінде жаhандық энергетикалық дағдарысқа әкеліп соқтырды. Мұнайға әлемдiк бағаның жоғарылауы, оның қорының әлем елдерінің арасында біркелкі таралмауы, басқа энергия көздерімен салыстырғанда тұтынудың шамадан тыс ұлғаюын жоққа шығарады.

2. Нұрлан Асқарұлы, студиямызға қош келдіңіз!
Жалпы бүгінгі тақырып бойынша сұхбатымызды бастамас бұрын еңбек жолыңыз туралы айтып кетсеңіз.
Еңбек жолымды Мәскеу мемлекеттік институтын аяқтаған соң Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастадым.
2019 жылғы 18 желтоқсаннан бастап – Қазақстан республикасының энергетика министрі болып тағайындалдыңыз. Осы қызметке келген соң, әлемдегі оқиғаларға байланысты қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді.
3. Кестені толтырыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
Стилі

Жанры

Ерекшеліктері



ulyanagrab333 ulyanagrab333    3   01.11.2020 11:15    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi