1.Омоним болатындай тіркестер құрап айт. Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ. 2.Омоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.

taidakv taidakv    2   30.11.2020 11:51    5

Ответы
nikakri14 nikakri14  30.12.2020 11:53

Мақал мәтелдер:

Омонимі бар мақал-мәтелдер:

1) "Айтулы достың малы бір,

кемедегінің жаны бір".

Бұл жерде омоним сөз – жан: 1) адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік; 2) бір нәрсенің шеті:үстелдің жаны т.б.

2) "Алыстағы досыңа

ат берсең де жарасар —

үйіне мініп барсын деп.

Жақындағы досыңа

хат берсең де жарасар —

ұмытса есіне алсын деп".

Бұл жерде омоним сөз – ат: 1) адамның есімі; 2) жылқының бір атауы; 2) іс-қимыл:қоянды ат т.б.

3) "Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын жақта"

Бұл жерде омоним сөз – мақта: 1) талшықты дақыл; 2) затты не адамды мадақтау.

Көп мағыналы сөз бар мақал-мәтелдер:

1) "Атадан бала тумас па,ата жолын қумас па".

Бұл жерде көп мағыналы сөз – ата: 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған жөн – жоба, әдет – ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.

2) "Талабы жоқ жас -

Қанаты жоқ құс".

Бұл жерде көп мағыналы сөз – қанат: 1) құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі; 2) алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

3) "Бітер істің басына,

Жақсы келер қасыңа".

Бұл жерде көп мағыналы сөз – бас: 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi