1.Оқылым. Мәтінді оқып "торт сөйлем" тәсілі бойынша ойларыңды жазыңдар Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікірінді бір сейлеммен жаз. Дәлел.Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал.Пікірінді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. «Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз. Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік: Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз? Менің ойымша, еңбек адамы - ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек. Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма? Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын, солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.