1-нұсқа
1- тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады. Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс- керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады. Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай іспен айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей алмаймыз, дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.
І. 1) Бұқаралық ақпарат құралдарының адам өміріне тигізетін теріс ықпалдарына 2 мысал келтіріңіз
2) Ойынқұмарлыққа әкеліп соғатын себептер қандай?

ІІ. Перифраздалған сөйлемдердің мәтін мазмұнымен сәйкестігін анықтап, «+»/«–» белгісін қойыңыз.
Ақпараттар «+»/«–»
БАҚ-тағы түрлі ақпарат түрлері адамның жан-дүниесіне теріс ықпал етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсері жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсері жоқ.
Түрлі телебағдарлама, телехикая және жарнамалар отбасы қарымқатынасының қалыптасуына әсер етеді
Ойынға тәуелді адам ойын кезінде басқа әлемге еніп, өмірде жүзеге асырмаған ойларын орындағандай әсерде болады
Ойынға тәуелділікті болдырмаудың бір жолы – баланы бақылау.

ІІІ. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтаңыз.
1
2
3

2. Тұңғыш Президентке қатысты шағын сауалнамаға жауап беріңіз.
1. Мінездеме беріңіз.
2. Жеке қасиеттері қандай?
3. Жетістіктері қандай?
3. Берілген сұрақтарға жауап жаз.
а). Қазақ телевизиясының құрылғанына қанша жыл толды?
б) Қай телеарна 1991 жылы елге тәуелсіздік туралы хабар таратты?
4. Үстеуге байланысты тест тапсырмасын орындаңыз.

1. Үстеу дегеніміз не?
А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді.
Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.
2. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді.
3. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім.
4. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.Д) Қыруар жұмыс істедік.
Е) Өте үлкен екен.
5. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.
А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай?

switt1q switt1q    3   25.12.2020 10:19    6

Ответы
zb2004 zb2004  25.12.2020 10:20

иблрчалооачм5а5с5мгиом3нрскраеср

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi