1. Мына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз?
"Қуанышы қойнына сыймады"
а) армандады в) қатты қуанды
с) жылады д) ойлады
2. Қай сөзде "Ң" әрпі жазылады?
а) Досжа... в) жа...бады
с) са...а д) жа...ғақ
3. "Өжет" сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
а) Батыл в) Өнерлі
с) Әлсіз д) қорқақ
4. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз?
а) көңілді в) зеңгібаба
с) қызғалдақ д) жияды
5. Қысқарған сөздерге қосымшалар қалай жалғанады?
а)үтір арқылы в)бөлек жазылады
с)бірге жазылады д)сызықша арқылы
6. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз?
а) Бөлмем в) Дәрігермін
с) Ұшаққа д) Бейбітшілікті
7. Есептік сан есімді табыңыз?
а) Төртінші в)Екі мың бірінші
с) Алты д) Бесеу
8. Әбунасыр Әл - Фарабидің туған қаласын көрсетіңіз.
А) Дамаск. B) Самарқанд. С) Тараз. D) Отырар.
9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта. В) Қыс. С) Жаз. D) Күз. Е) Көктем.
10. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3. В) У, X. С) Ң, Й. D) Л, Р. Е) Ғ, Г.
11. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Терезелер. B) Баласыңдар.
С) Қызға. D) Доптың.
Е) Жастығымыз.
12. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ. В) Қара ала.
С) Қара көк. D) Қызыл сары.
Е) Ақ ала.
13. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бір. В) Он - он бес.
С) Екі бүтін оннан үш. D) Он бірінші.
14. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол. В) Тазалық.
С) Сынып. D) Жаңа.
15. Туынды зат есімді анықтаңыз.
А) Оқытушы. В) Ғалым.
С) Ел. D) Жол.
16. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап:
а) сирек-сирек в) төбе-төбе
с) сымбатты д) жолдас-дұшпан
17. Туынды түбір сөзді анықта:
а) күріш в) күрек
с) кезекші д)көйлек