1. Модаль сөзі қолданылған сөйлемдерді теріп жазыңыз. 2. Мәтіннен біріңғай сөйлем мүшелерін теріп жазып, қай сөз табынан жазалынғанын түсіндіріңіз.
3. Төменде берілген жағдаяттарды оқып, өз пікіріңізді білдіріп, кеңес беріңіз.

«Денсаулық – зор байлық» дейді халқымыз. Оны жас кезден сақтау керек. Ол үшін спортпен шұғылданумен қатар, уақытылы тамақтану қажет. Таңертең таза ауада серуендеу, жүгіру, жая жүру денсаулықтың шымыр болуына көп көмектеседі.
Темекі шегу, есірткіге әуестену, ішімдік ішу денсаулықты құртып қана қоймайды, сонымен қатар адамның жүрек, ми, бүйрек ауруларын арттырады. Соңында адамның өмірден өтіп кетуі де мүмкін. Сондықтан денсаулыққа зиян келтіретін заттардан аулақ болған дұрыс. Жаман нәрсеге әуес болмай, үнемі спортпен шұғылдану керек.
Қонақжай халқымыз дәмге ерекше көңіл бөлген. Ұлттық тағамдарымыз өзінің құнарлығымен, дәмділігімен, ерекшеленеді. Шұбат, қымыз, айран – шөлді қандыратын сусуындар. Ірімшік, құрт, қаймақ және сүзбенің адам денсаулығы үшін пайдасы зор. «Дұрыс тамақтану – денсалық кепілі» деп бекер айтылмаса керек.

ЮлияСергеевна2 ЮлияСергеевна2    2   18.11.2020 07:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi