1. Менің ойымша еңбек деген біздің нанымыз. Адамдар еңбек істемесе алдында қойған мақсатына жете алмайды. Осыған байланысты қазақтарда "еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген мақал бар. Еңбек адамдарға өмір сүру үшін, бір біріне көмек көрсету үшін қажет.
Өз жұмысын жақсы көретін, жақсы білетін, ерінбейтін адамды еңбекқор дейміз.
Менің қазіргі еңбегім оқуымды оқу. Ол да еңбек, деп ойлаймын.
Мен спортпен айналысамын, футболшымын. Ол да еңбек, деп санаймын. Және де әке-анама үй шәруасында көмектесемін.
Адам ақылды, ер жүрек, парасатты, еңбекқор деген қасиеттері болса жетістіктерге жетуге болады.