1.Мәтіннен тірек сөздерді табыңдар. 2.Мәтін мазмұны бойынша 10тест құрыңдар.
3.Орыс тіліне аударыңдар.
4.Табиғатты қорғауға байланысты мақалдар, нақыл сөздер жазыңдар
«Жасыл белдеу» бағдарламасы және экология
«Жасыл белдеу» - Қазақстан Республикасының бірінші
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылдан бастап жүзеге
асырып келе жатқан, Астана қаласының іші мен оның маңайындағы
аймақтарды абаттандыру жобасы. Мақсаты – қаланың өзінде және оған
жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау.
Флорасы
Мемлекет басшысы бастамасымен Астанада 1997 жылдан 2013 жылға дейін
отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құраған.
Олардың шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында.
"Астана – Бурабай" автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа
ағаш егілді.
Орманның ішінде алғаш отырғызылған ағаштардың биіктігі 15-20 метрге
көтерілді. Бұл, біріншіден, халықтың демалатын жері болса, екіншіден, жазда
ыстықтан сая, қыста желден қорғайтын, қаланың климатын өзгертетін үлкен
мүмкіндік.
Кәсіби орманшы болмаса ажырата алмайтын сүйелді қайың, ұсақ жапырақты
шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек секілді ағаштар жапа-
тармағай өскен. Бұлардан өзге, неше түрлі жидектер де өсуде.
Астана қаласы маңындағы жасыл белдеудің жалпы аумағы 14 827 гектарды
құрайды. Оның 11 502,2 гектарына екпе ағаштар отырғызылған. Бұл аумақта
9,6 млн.ағаш пен бұта жайқалып тұр. 1998-2004 жылдар арасында негізінен
жапырақ тұқымдас көшеттер отырғызылыпты. Олардың ішінде сары қарқат,
ақ көріктал, шие, татар бөріжидегі, қаужапырақты шегіршін және басқалар
бар. 2014 жылы көктемде тамыр жүйесі жабық 398 434 дана сеппе көшет
отырғызылған. Оның 57 мыңдайы қылқан жапырақты болса, қалғаны орман
құраушы жапырақты ағаш тұқымдары болып саналатын емен, шегіршінді
құрайды.
Мұндағы өсімдіктердің шамамен 9,6 миллионы ағаш және 1,9 миллионы
бұталар.
Фаунасы
Бұл жасыл белдеуде қояндар өсіріліп, шілдер тіршілік етуде. 2010-2011
жылдар аралығында 125 бас құс сатып алынған. Қырғауылдар тез
көбейетіндіктен, үш жыл ішінде инкубация арқылы 2 333 құс өсіп
шыққан.Орман ішінде одан да басқа неше түрлі аң-құс бар. Марал, елік, қоян,
түлкі, тіпті, кейбір жойыла жаздаған аң түрлерінің басы көбейтілді.