1.Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика, Web-графика, көркемдік графика, растрлық графика, векторлық кескін, фрактальдық графика т.с.с. болып бөлінеді.
Растрлық графика дәл мозаика сияқты, тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минималь элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне (горизонталь және вертикаь (баған және жол) бойынша пиксель саны) және әрбір пиксель үшін берге болатын түстер (16,256 және одан да көп түстер) санына тәуелді.
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескіндерді өрнектеу. Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы. Кескіндердің векторлық өрнектелуі растрлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады.
Фрактальдық графика математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады.

andruhmariya andruhmariya    3   03.11.2020 10:32    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi