1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңы
2. Мәтінге 5 тірек сөз жазыңыз
текст
Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы. Табиғат – а ң еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай асқан шеберлікпен жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазды. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» атты өлеңдерінде табиғаттың тылсым құбылыстарын шынайы өмірмен астастыра суреттейді.
Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде көктем мезгілі әдемі бейнеленген. Ақын «Жаз» өлеңінде ауылдың тұрмыс-тіршілігін шебер суреттеген. Өлең жолдары арқылы қазақ ауылын көз алдыңа елестетеді. Ал «Күз» өлеңінде ауылдың көңілсіз күйі суреттелген. Жан-жануардың күз мезгіліндегі бейнесі шебер көрсетілген. Абай қысты кәрі құдаға теңеген. Қазақ даласының боранды, аязды, қарлы қысын асқан шеберлікпен бейнелеген. Ақын шығармаларын оқығанда жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Абайдың өлеңдерінде күнделікті өмір, адамдардың күнкөрісі мен іс-әрекеті және өзінің де көңіл күйі анық көрінеді.