1) Мәтіннің бірінші бөлігінен жалқы және жалпы зат есімдерді ажыратып, астын сызып көрсетіңдер. 2) Мәтіннің бірінші бөлігінен тіркесті сөздерді тауып жазыңдар.
Қазақстан-егеменді ел. Халқының саны он алты миллионға жуық. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы бұдан үш жүз мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның он төрт облысында жүз жиырма алты ұлт өкілдері тұрады. Еуразия даласының кіндігінде орналасқан Қазақстан жерінің жалпы көлемі екі миллион жеті жүз мың шаршы шақырым. Ол тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері бойынша жер көлемі жағынан екінші, ал дүниежүзі бойынша алтыншы орынды алады. Қазақ даласы, орман, дала, шөлейт, шөл, таулы аймақ болып бірнеше алқаптардан құрылған.