1.Мәтінмен жұмыс. Он алты жастағы Дулат Әміржан Астана қаласы №73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы. Ол қарапайым қолмен итеру арқылы жүретін мүгедектер арбасына автоматтандыру қондырғысын ойлап тапқан. Арбаға орнатылған құрылғы мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін қозғалуына жағдай жасайды. Дөңгелекті айналдыратын екі қолдың қызметін енді бар болғаны үш тетік атқарады. «Менің құрылғымды қолдану арқылы оларға жеңіл әрі жылдам қозғалуға мүмкіндік бар. Автоматтандырылған арбаны әлемдік нарықта шығаратындардың бағасы − тым қымбат. Оның ең арзаны − 200 мың теңге. Егер біз сатылымға шығаратын болсақ, өз бағасы 50-60 мың теңге болады. Бұл – тиімдірек», – дейді жоба авторы Дулат.
А) Қарамен жазылған сөздерді орыс тіліне аудар.
Ә)Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып,оларды болжалды сан есімгеайналдыр. Мысалы: он алты-он алтыдай,...
Б) Асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін тауып жаз.