1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған? [5] А мәтіні
«Қызыл кітап» атауы қайдан шықты?
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзатқолданжасады. Ол–Қызылкітап... БізгеҚызылкітаптың неге дәлсолайаталғанықызықболыптұр. Неге дәлқызылтүс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды.
Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын. Қызыл түс –әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап –өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.  Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған. (183 сөз).
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/2662
Ә мәтіні
Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бейжай қалдырмады.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына келтіру мәселесі – бұл қауіпсіздік мәселесі әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр.
Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30-35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді.
А мәтіні
Ә мәтіні

Тақырыбы

Мәтіндер қандай стильде жазылған?

Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?

Мәтіндердің құрылымы толық сақталған ба?

sernikovs sernikovs    2   12.03.2022 02:52    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi