1. Мәтіндерді оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Сендерге қай мәтіннің әсері күшті болды? 1
Балалық шағың -
Патшаның тағы,
Тіл жетпес оны бағалап,
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей біл,
Ілгері күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта!
Білмей өс жанға қастық та!
Білген жан көсем!
Сөйлесе - шешен
Жүртты аузына қаратар.
(Мағжан Жұмабаев)
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, жапырақтар бір-ақ
рет жасарады. Осы секілді адамның да басына жастық екі келмейді. Жас-
тык - біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді, сол секілді
жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаздыгүні қыс-
тың азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінез-
дерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете
алмайды.
(Міржақып Дулатов)
?
1. «Балалық шақ - патшаның тағы», «Балалық, жастық шақ - өмірдің жазы» деген-
ді қалай түсіндіресіңдер?
2. Берілген мәтіндердің уақытпен байланысы бар ма?
3. Балалық шақ пен келешек өмірлеріңнің байланысын түсіндіре аласыңдар
ма?