1. Мәтіндерді оқып,мәтін түрін, стилін, жанрын анықтаңыз. 1. Ауылымды сағынып жүрмін. Ауыл деген әр бала үшін ерекше ыстық болар. Бар балалығымыз ауылымызда өтті емес пе? Ойын-сауық, қымыз,айран, қауын-қарбыз... Ауыл дәруменге бай. Өзен, бау-бақша, жеміс-жидек айта берсең көп. Құрбы-құрдас, дос-жаран, туған туыс, ата-әже бәрі де ауылда тұрады. Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек. Бала күнімізден жаз келсе болды, ауылға асығамыз да тұрамыз. Ондағы адамдар өте қонақжай. Бара қалсаң, бәрі мәз-мейрам болып, сені күтіп алады. Ауылдағы достарым да жаз келсе, бізді асыға күтетін. Әлі күнге дейін ауылға бара қалсам, алдымен достарымды іздеймін. Оларға деген махаббатым шексіз.
Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды. Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді. Үйлердің баулары бау емес, орман-тоғайдай. Жемістері қашан көрсең самсап пісіп, жерге домалайды да жатады. Оларға ешкім су құймаса да, арықтан келген судан құмарлана ішіп, жеміс беруін тоқтатпайды. Көкөністер де молынан піседі.
2.
Қазақтың кең байтақ даласы,
Алтай мен Атырау арасы.
Сарыарқа жерінде,
Орнады төрінде
Асқақ арманды қаласы.
Бабалар бастаумен баршаны,
Керемет қаланы аңсады.
Ақ тілек алау боп,
Жайқалған жалау боп,
Сәнді сарайлар самсады.
Мәтін аспектілері
1-мәтін 2-мәтін
Стилі
Жанры
Мәтін түрі
2.Kanjkijs 990 hzjiijsb