1. Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды, шынайы өмірмен байланыстырады
2. Тақырып бойынша шағын эссе жазады.
Тапсырма:
Қазақ қолөнері, ұлттық өнер өткен өмір еншісіне айналып, оған мән
берілмей, кейбір бұйымдарымыздың көзі жоқ болуда, тіпті мұражайдан да
таба алмайсың.
Қазақтың қолданбалы өнері дайындалатын материал түріне қарай ағаштан,
сүйектен, теріден, металл, текстиль материалдардан дайындалған болып
бөлінеді.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ,
қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш, ою - өрнек, құрақ құрау. Ағаш бұйымдары:
сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина,
бойтұмар.
Тұскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны
жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді
безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б. маталардан
бетіне ою - өрнектер тігіледі.
Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді
бояп, ою - өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады.
Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден
оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып
У МЕНЯ СОЧ