1.Мәтінді тыңдап,  мазмұны бойынша кестені толтырыңыз.  Бүгін де сырғанақтағы ойынның қызған шағы еді. Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таяған. Сірескен ақ қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды. Күні бойы Ешкіөлместің күнгейінде жайылған мал ешкім қайырмаса да, бір ізбен шұбырып ауылға қайтқан. Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқаны шымырлатып, жоқтау айтқан дауыстар. Аянның үйінен шығып жатыр. Мұндайда балалар еліккіш келеді ғой. Сырғанақты тастай бере дәл бірдеңеден құр қалатындай бәріміз бірге дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық. Артымыз жетпей жатып, алдымыз не болып қалғанын естіп те үлгердік. «Аянның әжесі өліп қапты», - деген сыбырды алқына тұрып сүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік.
Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп- боз есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші әйелдер бір-бірімен шуылдаса көрісіп, азан- қазан боп жатқанмен,  ол көзіне жас алмапты. Біз өзара сөйлескеніміз болмаса, оған үн қатқамыз жоқ. Аян да бізді үнсіз қарсы алды. Сүйреткен шанамызға, конькиімізге көз салды. Тоңғаннан ба, танауын жиі - жиі тартып, дір - дір етеді.  Күн ұясына еніп бара жатыр. Аян болса, сол мелшиген күйде жалтақ- жалтақ етіп, ауылдың әр тұсынан «әжетайлап» дауыс қойып келе жатқан үлкен адамдарға қарайды. Бірақ олардың бірі де бұған назар аударар емес. Біз болсақ, енді қайтер екен деп қызықтағандай одан көз айырмастан ортаға ап, қоршап тұрмыз. Өзара сыбырласқан боп, оған да естірте: «Әжесі өлгенге неге жыламайды- ей?»- деп қоямыз. Аян естісе де, естімеген адамша міз бақпайды. Тек әлдебір уақытта, бас жоқ, аяқ жоқ:
             -            Ертегі тыңдайсыңдар ма?- деді.
 
Негізгі мәселе
Идеясы
Өз ойым
 
 
 
 

gunelhy gunelhy    3   19.03.2021 09:21    15

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi