1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар
Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз
Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол - ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі - еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбіне отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет - белгілі бір уақыт ішіндегі (ай, жыл) барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. Осылайша ата-анам отбасы бюджетінің шығысы мен кірісінің тең болуын қадағалайды. Ол отбасы бюджетінің қалыпты болуына көмектеседі. Бюджетті жоспарлау қаражатты тиімді пайдалануға көмектеседі, отбасының қажетін қанағаттандырады.
Ата-анам шығындарды жоспарлап, міндетті төлемақылардың тізімін жасайды. Одан кейін ең қажетті тұрмыстық заттардың, азық-түліктің тізімін жасайды. Кей кездері кірістен шығыс көп болады. Ата-анаммен бірге мен де өз шығынымды қадағалауға тырысамын.
• мәтінге 3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар
• төмендегі зат есімдерді септіктермен сәйкестендіріңдер:
Атау ата-анаммен
Ілік шығындарды
Барыс табыстан
Табыс біз
Жатыс табысқа
Шығыс еңбекте
Көмектес азық-түліктің

ntazhibaevaa ntazhibaevaa    3   27.03.2020 16:27    11

Ответы
busiginanst99 busiginanst99  12.10.2020 07:09

Сендерде отбасылық бюджет кімдердің табысынан құралады?

Олар табысқа қол жеткізу үшін не істейді?

Табыс көзі неде?

Бюджет ненің жиынтығы?

Атау ата-анам

ілік шығындардың

барыс табысқа

табыс бізді

жатыс  табыста

шығыс еңбектен

көмектес азық-түлікпен

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi