1. Мәтінді түсініп оқып, детальді ақпараттарды анықтаңдa Дүниежүзілік мәдени дамуға үлес болып қосылатын ғажа-
йыптарды Азия құрлығындағы жұрт та аз тудырған жоқ.
Олардың мәдениеті көне және әр алуан. Бұл – өз алдына жеке
әңгіме.
- Әуелі, әлемдегі жеті ғажайып туралы айтшы, - деп өтінді
Мықыр. Біліп тұрғанымды аяйын ба, бұлданғаным жоқ.
Бірінші Египет пирамидасынан бастайық.
Оны білемін, айтпай-ақ қой, - деді ол.
- Кәне, білсең айтшы, - дедім сынағым келіп.
Бес мың жыл бұрын салынған. Дүниежүзіндегі ең әйгі-
лі, зәулім, биік құрылыстың бірі. Египеттің билеуші-перға-
уындары өлген соң, өз денелерін сонда қойдырған.
Неге? – деймін мен.
Олар өздерін Құдайдың баласымыз деп санаған да,
халық алдында өз беделін көтеріп, абыройын асыру үшін,
атын шығару үшін өздеріне осындай алып, зәулім ескерткіш
орнаттырған. Тағы бір себебі бар, - деп ол ойланып қалды.
— Қандай?
Олар өлгеннен кейін адам о дүниеге барады, онда да
жарық дүниедегідей тіршілік етеді деп түсінген. Сондықтан
да мәйітті алтындатып, күмістетіп, қымбат тастармен безен-
дірген. Осы байлықты тірі жандар ұрлап кетпес үшін пира-
миданың ішкі құрылысын жұмбақ етіп, қиындатып салған
да, саркофагін дәл ортасына, ең терең жеріне тыққан. Соның
бірі - Хуфу (Хеопс), екіншісі – Джосер пирамидалары.
Содан кейін Мықыр әлгі пирамидалардың әрқайсысы екі
тоннадан асатын екі миллион үш жүз мың төртбұрышты из-
вестняк тастан қаланғанын, әуелде оның биіктігі 147 метр бол-
ғанын, төбесі күйреп, қазірде аласарып 137 метрге түскенін
айтты. Ешқандай механизм қолданбай, жүз мың құл жиырма
жыл бойы осы құрылысты салға-
нын да есіне алды. Перғауынның
саркофаг - мәйіт салына-
атын шығару үшін күн айналып
тын табыт.
жерге түсетін ыстықта қаншама известняк тас - әкті тас.
мыңдаған құлдардың зорығып,
Жалпы және нақты сұрақтар құрастырыңдар​

arinaanisimova2 arinaanisimova2    3   16.10.2020 13:44    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi