1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Жағымды және жағымсыз қасиеттер туралы негізгі ойды анықтап, өзіндік ой тұжырымын жасаңдар.
Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін – тән мақсұты,
бірін
жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлап,
өзімшілдік, мақтан көксейтін тән мақсұты. Адамшылық ар
мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген
адам зұлымдық, қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан
табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек,
ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол а ала көруді,
қиянат қылуды тіпті ұнатпайды. Осыны біле тұра адамның
қиянатшыл, мақтанқұмар болатынының себебі: адам жас
күнінде тәжірибесіз балалықпен сәнді киімге, кеңесшіл кер-
деңдікке қызығып, соған құмар болады. Бір адам сайтанға
махаббат көзімен қарап әдеттенсе, аздан соң сайтанды біржо-
лата періште деп біліп, өз қылығын өзі сынай алмай қалады...
Мінеки, достар! Зұлымдық, қиянат қылып әдеттенген-
дердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмар-
ланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан бола-
тындары да әдетке айналып, шын құмар болып кеткендіктен
болады. А болып, ақылы жай толатындық-
тан, сәнқойлық, көрсеқызар, мақтанқұмарлықты бірінен-бірі
көріп, тәлім алады. Өзін-өзі тексеріп, ол әдеттi қалдырып, таза
ақылға билету әлденеше мыңнан біреудің-ақ қолынан келеді.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы