1. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Бүгін жексенбі. Анамның туған күні. Сенбі күні
әкеммен анама сыйлық сатып алдық. Анам қызыл
қызғалдақ жақсы көреді. Әкем анама қызыл
қызғалдақтар сатып алды. Мен әдемі ашықхат
жасадым. Ауылдан атам мен әжем келді . Анам дәмді
торт, бауырсақ пісірді. Бәріміз тортпен шай іштік.
Сосын отбасымызбен саябаққа бардық. Атам маған
балмұздақ әперді. Атам екеуіміз велосипед
тептік. Демалыс маған ұнады.
1)Мәтіннің мазмұны бойынша Кіммен? Не? Қандай?
Не істеді? сұрақтарын пайдаланып 2 сұрақ
құрастырып, оған жауап беріңіз.