1. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Рәбиға Сыздықова сөз тарихына, сөз әсемдігіне, сөз сазына,
әуеніне, қолданылу мәдениетіне терең бойлап, білгірлікпен талдау
жасаған сирек талант, ірі ғалым. Сөздің мәнін ашу, көне жазбалардағы
сөздердің қалай қолданылғандығын анықтау зор жауапкершілікті,
ұқыптылықты, төзімділікті қажет етеді. «Қазақ әдеби тілінің тарихы»
атты еңбегінде сан ғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға
қызмет етіп отырған, мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі
сияқты ірі тілдің тұтас бес ғасырлық тарихын таныту үшін, оның
белгілі бір кезеңдердегі күй-қалпын сипаттау, жеке ескерткіштердің
тілін талдау тәрізді қыруар мәселелерді шешіп алуға айрықша қажыр-
қайрат жұмсады.
Р.Сыздықова 1957 жылдан бастап 1971 жылға шейін 14 жыл бойы
Абай ишығармаларының тілін зерттеді. Оның жазып, баспадан шығарған
20-дан астам кітап, кітапша, жүзден аса мақаласының ішінде Абай
шығармаларының тілі туралы жазған екі томдық кітабының шоқтығы
биік тұрады.
Р.Сыздықованың басты-басты еңбектерін қысқаша атап өтейік:
«Қазақ тілі
методикасының негізгі мәселелері», «Қазақ тілі
орфографиясы мен пунктуациясы бойынша анықтағыі», «Қазақ тілі
орфографиялық сөздігі. «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің
синтаксистік құрылысы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Қазақ әдеби
тілінің тарихы», «Жаңа сөздер мен тіркестер» және т. б.
Ол «Абайдың сөз өрнегі», «Сөз құдіреті» және «Сөздер сөйлейді»
атты үш монографиялық еңбегін баяндау стилімен тақырыбы жағынан
өзіне өте ыстық кітаптар санайды.
http://adebiportal.kz
Мәтінде кім жайлы баяндалған?
А) тілші-ғалым жайлы
В) қоғам қайраткері, ақын жайлы
С) әлем әдебиетін зерттеуші жайлы
D) жазушы шығармашылығы жайлы
E) қазақтың майдангер қызы жайлы
?