1. Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты кластерге түсіріңдер. Қазақстандық ғаламтордың
болашағы туралы ой бөлісіңдер.
Қазнет - ғаламтор желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық
бөлігі. Әзірше Қазнеттегі сайттардың басым бөлігі орыс тілінде. Дегенмен
қазақ тілінің қолданылу аумағы өсіп келе жатқаны байқалады.
1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тір-
келді.
1996 жылы Александр Ляхов «Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Каз-
нета» ақпаратты-ағартушы порталының негізін салды. Келер жылы «Весь
WWW Казахстан» атты Қазақстандық веб-ресурстар каталогінің жобасын іске
қосты. Сол жылы қазақстандық сайт «Business Website of 1997» халықаралық
конкурсында марапатқа ие болды.
1998 жылы ғаламтордың қазақстандық бөлігінде алғашқы виртуал дүкені
мен «Guide Park» тауарлар каталогі, қазақ тіліндегі алғашқы сайт пайда бол-
ды. Ғаламтор арқылы тұрақты радиохабарлар жүзеге асырылып келеді.
1998 жылдың қазан айынан бастап тұңғыш рет Казнетте университет
ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн жүйесі іске қосылды.
Аталған жүйе қазір lib.kazsu.kz сайтында қолданылады.
1999 жылы IANA халықаралық ұйымы «Желілік информацияның қазақ
орталығын» жоғары деңгейлі .kz доменді атауын қолдау ісі бойынша менед-
жері ретінде тағайындады.
2009 жылы Қазақстандағы басты ақпараттық ғаламтор жүйесінің дамыған
ұлттық сегментін қалыптастыру мақсатында «Қазконтент» АҚ компаниясы
құрылды.
(https://hhunii​

Nagachika Nagachika    2   15.01.2021 10:29    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi