1. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырыңдар. Қайық - көліктің ең ескі түрі. Ертедегі қайықтар ағаштан жасалып, айнал- малы ескектің көмегімен жүретін. Ежелгі мысырлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын өзенде, теңізде жүзу үшін желкенді пайдаланды. Қытайда жүк тасы- малдау үшін желдеткіш тәрізді желкен түрі қолданылған. Бүгінде кемелер сауда-саттық, құрылыс және әскери мақсатта адамдар мен тауарларды, т.б. нәрселерді тасымалдау үшін таптырмайтын көлік түрі. Су көліктерінің тұрағы - айлақтар мен теңіз порттары. Кемелерге арналған теңіз маршруттары болады. Олар айлақтарға белгілі кесте бойынша келіп кіреді. Кеменің сан алуан түрі бар. Олар қызметтеріне қарай: авиатасымалдаушы, жүк кемесі, контейнерлі кеме, сал кеме, күзетші кеме, суасты қанаты бар кеме, реактивті қозғалтқыш орнатылған суасты кемесі, мина тазартушы кеме, мұхит лайнері, жолаушылар кемесі, желкенді кеме, сүңгуір кеме, зерттеу жұмыста- рына арналған кеме болып бөлінеді. Осылардың қай-қайсысын да суда көріп қалуымыз әбден мүмкін.