1. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Биыл мен тоғызыншы сыныпты бітіремін. Келесі оқу жылында бағдарлы мектепте оқуым
керек. Бағдарлы мектеп екі бағыттан тұрады: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-
математика. Осы екі бағыттың бірін таңдау үшін ата-анаммен, ағаммен әдейі жиналып,
акылдастық.
Өзің қай бағытты қалайсың?-деді әкем.
Мен қоғамдық-гуманитарлық бағытты қалаймын. Болашақта журналист болсам деген
арманым бар,-дедім.
Қазір журналистен гөрі техника саласы мамандарына сұраныс көп. Сен жаратылыстану
пәндерін де жақсы оқисың ғой. Техника мамандарының жалақысы да жоғары, — деді ағам
қарсылық жасап.
Балам, мәселе жалақыда емес, жүректің қалауында. Мамандық таңдауда қателеспеу
керек. «Кәсібін дұрыс таңдағанның, нәсібі берекелі болады» деп бекер айтылмайды. Сондықтан
мен баламның қалауын қолдаймын,-деді анам.
о
Мәтінде не туралы айтылған?
• Ағасы неге техника саласына бару керек деп айтты?
• Сенің қалауың қандай? Оған отбасың қалай қарайды?
2. «Сен болашақта кім болатыныңды шештің бе?» диалог
3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жаса: Халқымыз