1. Мәтінді оқыңдар, тақырыбы, құрылымы және тілдік ерекшелігін 3-тапсырма мәті-
німен салыстырыңдар.
Қорқыт ата
Қазақ музыка өнерінің арналарына көне түркі
дәуірінен ұлт болып қалыптасқанға дейінгі ара-
лықтағы музыка мұралары енеді.
VIII ғасырда Сыр бойындад өмір сүрген Қорқыт
ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы,
ойшылы, ақын, сазгер, күйші, халық даналығын
жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында
өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің
жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол
ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді.
Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан
көр кездеседі. «Кімге қазып жатырсыздар?»,
деген сұрауына «Қорқыттың көрі», – деген жауап алады. Содан кейін «Өлімнен
қашып құтылуға болмайды екен», – деген қорытындыға келеді. Қорқыттың
есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Оның музыкалық
мұрасы орта ғасырлардағы оғыз тайпасының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін
бейнелейтін тамаша көркем ескерткіш. Қорқыт атаның біздің заманымызға
жеткен он бір тамаша күйі бар. Олар: « Ұшардың ұлуы», «Елім-ай, халқым-ай»,
«Сарын», «Қоңыр», «Желмая» және т.б

MWO MWO    2   14.12.2020 12:28    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi