1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Бурабай – қазақ даласының ортасында орналасқан тамаша жер, сиқырлы оазис. Бурабай өзінің мінсіз табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен, жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен кез-келген адамды баурап алады. Бұл жерді көпшілігі Көкшетау тауына байланыстырып, «Көкшетаудың інжу-маржаны» деп атайды.
Бурабай ұлттық паркінің жалпы аумағы 83510 гектарды құрайды. Оның 47400 гектары орманды алқап. Ұлттық парк – республикалық деңгейдегі ерекше жүйе бойынша қорғалатын табиғи орындардың қатарына жататын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бұл жерде өсімдіктің 757 түрі бар, оның 12-сі қызыл кітапқа енгізілген. Жалпы, табиғаттың осындай бірегей түрленуінің бар құпиясы осы өңірдің топырақ құрамымен тығыз байланысты. Ақмола облысының солтүстігіндегі Көкшетаудың жоғары жағында орналасқан «Бурабай» ұлттық паркінде 14 көл, соның ішінде Бурабай өзені, үлкен және кіші Чебачье, Щучье, Катарколь, Горное, Маябалик, Лебединское, Қарасье және басқа да ірі көлдер бар. Олардың ішінде тереңдігі 35 метрге жететін ең терең және таза көл Щучье, ал жылы және таязы Бурабай.
Бурабайдың ең көрікті жерлерінің бірі Көкшетау қыратының «Көгілдір тауы» болып саналады. Таудың биіктігі 947 метрді құрайды, бұл Көкшетау қыратының бөлігі болып табылады.
Сұрақтарға оқылған мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беріңіз:
1) Бурабайды неліктен «Көкшетаудың інжу-маржаны» деп атайды?
2) Табиғаттың түрленуінің құпиясы неде?
3) Бурабай Ұлттық паркіндегі ең терең және таза көл қалай аталады?
4) Ең жылы және таяз көлді атаңыз.