1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз. Көтерілген мәселені анықтайтын нақты екі сұрақ құрастырыңыз. Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана тарихы
1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы 11 штатпен құрылды. 1973-1975 жылдары кітапхананың алғашқы директоры Белғожанова Роза Рысқанқызы болды. 1976 жылы кітапхана директорының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа директор болып Молдағайынова Гүлжаухар Аухатқызы тағайындалды. 1977-1988 жылдары директордың Алматыға ауысуына байланысты кітапхананы Құрманбаева Мәрзия Жалмұқанқызы басқарды. 1980 жылы қаламыздың кітапханалары бір орталыққа көшірілді. 2857000 дана кітабы бар 268 кітапхана біріктіріліп, 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құрды. Олардың 208900 оқырманы болды, кітап берілімі 4294900 құрады.
1988 жылы қараша айынан бастап кітапхана директоры болып Кәриева Кәбира Кәриқызы тағайындалды.
1990 жылы кітапхана жалпы көлемі 1436 шаршы метрлік Есенберлин көшесі 9а үйінде орналасқан, жаңа ғимаратқа көшірілді. Кітапхана штаты 47 адамға өсті, облыстық кітапхана 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.
1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.
(http://www.zhezbiblioteka.kz/parasat-mekeni/kitapkhana-tarikhy)
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Көтерілген мәселені анықтайтын нақты екі сұрақ құрастырыңыз.
2. Себеп – салдар, күшейткіш үстеулерін қатыстыра отырып, «Ерте заман кітапханалары» туралы 7–8 сөйлемнен тұратын ой толғау жазыңыз.
3. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз.
Ең үлкен кітапхана Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005-жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүз-ге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.
Екінші, Дублиннің Тринити-колледжінің Кітапханасы Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.
Үшінші Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ - ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 -кітап 1500 - мерзімді ба өз 2500 - қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.
(https://engime.org/4-tosan-bojinsha-jiinti-bafalaufa-arnalfan-tapsirmalar-bolim ev2.html?page=2)