1-мәтін
Бұл Отырар әміршісінің шетел елшілерін, жаушыларын, кезбе мен саудагерлерін қабылдайтын Салтанат атты сарайы еді.
Айнала дөңгелек терезелер, биікте жарықты мол түсіріп тұр. Еденнің ортасы үй орныңдай ашық, кілемсіз. Сол ашықта әрқилы тастардан қиюластырып келтірген мозаика, қыпшақша зертас, айқышталған.
Зертастың сыртында айналдыра қалы кілем жайылған. Кілем үсті жағалай жайдақ отырғыштар. Әр отырғыштың өзінше ою бедері бар.
(«Жібек жолы» романынан)
2-мәтін
«Ұлы Жібек жолының» Қызылқұмды көктеп өтетін тармағы «Боран жолы» деп аталатын; аталмыш қалалардың ұстасы мен зергері бұйым жасап, сол керуен жолына шығаратын, ағылып жатқан саудагерлерге сататын.
Жиегіне жақұт тастарын қондырған шолпы, алтын тана, жыланбас білезік, қып-қызыл маржан тасынан тізген шолпы, берісі Бұхар, әрісі Бағдат базарында қараған көзді сүріндірді, делдалдың қолын дірілдетті, саудагерді сақылыққа үйретті.
Түгіскен ұсталарын дүниеге мәшһүр етті
(«Жібек жолы» романынан)
1)
Мәтіндердің тақырыбын анықтаңыз. Определите тему текстов.
1-мәтін:
2- мәтін:
2)
Мәтіндердегі негізгі ойды анықтаңыз. Определите основную мысль в текстах.
1 мәтін:
2 мәтін:
3)
Зергерлік бұйымдар туралы диалог құраңыз.
Составьте диалог о ювелирных украшениях.