1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз. Cұрақтар:

1) Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?

2) Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?

3) Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма?

4) «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз?

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс

қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға

түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші

батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын

өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған

айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды

босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір

бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей

өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана

күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты

тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға

соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

2. Сұрақтарға жауабын өз жауабыңызбен салыстырып, кері байланыс беріңіз. Келісетін не

келіспейтін тұстары бар болса жаза кетіңіз

Juliabelich2004 Juliabelich2004    2   01.12.2020 13:15    8

Ответы
mary041 mary041  31.12.2020 13:17

1 сұрақ:мәтіндегі нығыз достықты жоғары бағалаймын.Досының өмірі үшін зағип күйге айналғаны өлшенбес ерлік себебі:досының өмірін құтқару үшін өзі мына дүниенің сұлулығын көретін көздерінен бас тартты.

2 сұрақ:шынайы достық өмір өлшемімен есептелмейді.Өзі өміріңді қимай-ақ достығыңды айқындау мүмкін және мұндай жайттар өмірде жиі кездеспейді,шынайы достықтың жоғары дәрежесін өзіңнің адалдығыңмен,досыңа деген ақ ниетіңмен дәлелдеуге болады.

3 сұрақ:менің ойымша бұл жағдаяттан сол елдің бір батырымен жекпе жекке шығу арқылы арылуға болар еді.

4 сұрақ:адамды досына қарап тану дұрыс қағида,адамның жанындағы жолдасымен мінезі де сөз мәнері мен тәрбиесі де ұқсас болады,себебі адамның ортаданалатын тәрьиесі тікелей досына байланысты,досы қандай болса адамсондай!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi