1-мәтін Төрт түлік мал –халқымыздың байлығы. Халқымыздың тарихы төрт түлік малмен тікелей байланысты. Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз. «Жоғалып табылған мал олжа, ауырып жазылған жан олжа» «Мал жуасы-қой, аң жуасы-қоян» деген халық.
Жылқы-мал патшасы. Жылқы төрт түліктің бірі. Жылқы иесі -Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды.
2-мәтін
Қазақ халқы көшпелі жағдайда болды да, мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың өмірі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болған.Ата-бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Төрт түлік мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін «төрт түлік» деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Әрі ас, әрі киімі, әрі көлігі. Асы күш-қуат береді, сусындарының емдік қасиеті болады. «Жоғалып табылған мал олжа, ауырып жазылған жан олжа» «Мал жуасы-қой, аң жуасы-қоян» деген халық.
Түйе- төрт түлік малдың бірі, әрі киелісі. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық- суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Оның сүтінен шұбат дайындалады. Ол сусын қазақ халқында ерекше орын алады.
Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем. Терісінен аяқ киім, жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады. Ол қырық күн шөлге шыдайтын жануар.
жылқы малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. ... Қой –төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті- қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол- ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, талдау жасаңдар ( )
1-мәтін
2-мәтін
Мәтіннің тақырыбы
Мәтіннің идеясы
Мәтіннің негізгі ойы
Мақсатты аудиториясы
Мәтіннің тірек сөздері
Екі мәтінге ортақ мәлімет