1-мәтін Менде сөйлер сөз болса-
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса-
Өзің берген көзің ғой!
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой-
Арқа сүйер тірегім!
2-мәтін
Бұрынғы заманда байлығы мен аты әлемге жайылған Қарабай деген бай өтіпті. Оның ай
десе ауызы, күн десе көзі бар Баян есімді сұлу қызы болған екен. Әсемдігі, көріктілігі алты
алашқа кең тараған Баянды айттырып келетіндердің саны күн санап көбейе түсіпті. Бірақ Баян
күйеу болғысы келетін жігіттерді менсінбей, қайтара беріпті.
Абыр –сабырдан мазасы кеткен Қарабай қызына лайықты күйеу табудың басқаша жолын
қарастырады.
Сөйтіп, өзінің Аякөзден Түменге дейінгі аралықты алып жатқан жайлауының орта тұсы деп,
тамаша жер жаннаты тәрізді өлкеге Баянның ауылын қоныстырады.Ендігі келушілер ат басын
осы ауылға тірейтін болады. Ойын –сауық, қызық –думан күнде өткізіліп тұрады. Баянды көргісі
келген бозбалалар, жігіттер сол ауылды іздегенде «Баянның ауылы қайда? Баян ауылы қайда?» -
деп сұрастырады. Сөйтіп, осы бір табиғаты көркем өлке «Баянауыл» атанып кетеді.
(Жандаров О. «Ежелгі Қазақстан аңыздары»)
1-тапсырма. Мәтіндерге ат қойыңыз.
1-мәтін 2-мәтін