1 - мәтін Ғалымдардың болжамы бойынша , әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып , 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен . Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып 7 млн - нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды . Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен . Сарапшылардың айтуынша , болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді , себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады . Бұл ретте ең алдымен , икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі . Сонымен бірге , ортаға жылдам бейімделу және сабыр , жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік , тұрақсыздықтың алдын ала білу , білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады . Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі жан - жақты сапалы білім . Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200 - ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар , 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды . Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ . Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе ? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды . 1 - тапсырма Мәтіннен үстеу түрлерін жазып , мағынасын ажыратыңыз . Мысалы : 2030 жылға таман таман – қашан ? Мезгіл үстеу