1- MƏTİH Су Сусыз өмір сүру мүмкін емес . Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр . Ол – мөлдір , түссіз . Судың үш күйі болады : сұйық - су , қатты - мұз , газ - бу . Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады , ал қайнағанда ол буға айналады . Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды . Ол кеуіп кетеді . Неліктен ? Себебі күн суды буландырады . Күн қатты ыстық , ал жапырақтар , өсімдіктер неге қурап кетпейді ? Себебі , ол тамырмен су сорып , оны буландырып жібереді . Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді . Ащы су бұл теңіз , мұхит сулары , ал тұщы су өзен , көл , жер асты сулары , Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су , 2 л тұщы су екен . Көл суларының кейбірі ащы , кейбірі тұщы суға жатады . Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі . Ондай ойысқа су толса , кел пайда болады . Көлемі әртүрлі . Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды . Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді . Балық , ауланады , ауыз су алынады , мал суарылады . Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл . Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр . Тереңдігі - 800 м . Балық көп . құбырдан алынған су 100 % таза бола бермейді . Ол өзеннен хлор қосылып , тазартылып келеді . Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен . Ол - су , шай , шырын , сусын , минералды су . Адам тек қайнатылған су ғана шу керек . Себебі , қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады . Оның құрамында микробтар болуы мүмкін . 2 - мәтін Су - тіршілік көзі Су – тіршілік көзі . Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді . Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді . Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады , Назарларыңызға судың пайдасы , емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз , Жапон ғалымы Масару Эмoтo бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген . Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып , сол судың жанына адамдар келіп « махаббат » , аперіште » , « рақмет » , « бейбітшілік » деген сияқты жақсы сөздер айтқан . Ғалым осы суды қатырып , суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі , үйлесімді болып шыққанын байқаған . Ал дәл осы суға сызат , « Соғыс » , « қан » , « елім » сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа , бей - берекет , көмескі , қара лай болып шыққанын керіпті , Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды , сезімімізді , Сөзіміз бен дұғамызды , музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген , Дарігерлердің айтуынша , сумен емделудің қарапайым әдіс - тәсілі көп . Мәселен , суды алдымен қатырып , кейін ерітіп ішуге болады . Тек үстіңгі қабатын тегіп тастау керек . Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі . Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса , емдік қасиеті зор . Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі . Ағзаға таза су енеді де , ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді . Сөйтіні бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды . Адам денесінің 70 % судан тұрады . Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып , сауығуға әбден болады . Әр мәтіндерден негізгі және қосымша , детальді ақпараттарды ( кем дегенде 1 - еуден ) табыңыз . Неліктен бұл ақпарат негізгі ( қосымша , детальді ) ақпарат болып табылады ? Себебін көрсетіңіз . Негізгі ақпарат 1Б Қосымша ақпарат 1Б Детальді 1Б ақпарат 1Б Себебі 1КӨМЕККЕРЕК !