1 М. Шаханов "Нарынқұм зауалы"шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді? A Кім аяққа басса заңын даланың-Ұмытқаны қатал тарих сабағын… B Махамбеттей батырға, Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?
C Туған елім - арман ,мұңым,Енді сені жетелейді жол қалай?…
D Мен сенемін,күні ертең,Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем… 2 "Қонақтар "әңгімесіндегі көтерілген басты мәселені анықта.
A Баланың ата -ана, туған жер алдындағы перзенттік парызы
B Ана тілін құрмет тұту
C Ата-ана сағынышы мен арманы
D Өз мамандығын сүю 3 A.C. Пушкиннің "Ескерткіш"өлеңінде неге сенім білдіреді?
A Өлеңі арқылы есімінің өшпейтініне
B Халқының сүйікті ұлы болатынына
C Келешекте алып ескерткіш орнататынына
D Ескерткіші Александр мұнарасынан да биік болатынына 4 М.Темірбектің "Тәуелсізбін" өлеңінің негізгі идеясы
A Тәуелсіздік туының астында біріккен халықтың асқақ арманы
B Елді бірлікке, тұтастыққа шақыру
C Тәуелсіздікке дейінгі тарихты шолу
D Егемен елдің болашағын -жастар 5 "Ел іші -өнер кеніші"-дейтін мақалды қай шығарма дәлелдейді?
A "Қонақтар", Дүйсенбі бейнесі
B "Қонақтар" Абыл бейнесі
C "Нарынқұм зауалы" әке бейнесі
D "Нарынқұм зауалы" баласы