1. М.Дулатов кім? 2. Оның қалыптасуына ненің әсері тиді?
3. Мақалалары қандай басылымдарға шығып тұрды?
4. «Оян, қазақ!» жинағының тақырыбы қандай?
5. Отаршыл шенеуніктердің шүйлігуінің сыры неде деп ой-
лайсыңдар?

cool107 cool107    1   09.03.2021 18:35    0

Ответы
Абвгдежз1234567890 Абвгдежз1234567890  08.04.2021 18:36

1.Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.

2. Міржақып Бос уақытында әдеби кітаптар оқуға тілін жаттықтырып, азды-көпті өлеңдер де шығара бастайды. Көбіне жазатыны - ел өмірінің ахуалы. Ана тілінде шығатын елдің қамын ойлайтын зиялы азаматтар сөзін көп оқиды. Сондайда көбірек көз тоқтататын екі есім бар. Бірі - Әлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі - бүгінде жұрт аузында жиі айтылатын Ахмет Байтұрсынов.

Жас жігіт осындай екі ұлы тұлғаны бір көрсем деген ниетке беріле бастайды. Ақыры 1904 жылы, омбы қайдасың деп, солар тұрған қалаға қарай тартып отырады. Айтқандай-ақ өз дегеніне жетіп, іздегенін табады. Солардың жылы шырайын көріп, тығыз араласады. Әлихан өзінен кішіге «шырақ» деп сөйлейді екен, ол Ахмет ағасы мұны бір көргеннен-ақ, жақын тартып, «інішек» деп атап кетеді.

3. Серке» газетіндегі «Жастарға» атты өлеңі басылды, сосын Айқап" журналына үзбей жазып тұрды.

4. 1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді.

Сонау аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның үшін де ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұран салды.

5. Ел үшін, елдің болашағы үшін тым қатты белсенді болған азаматтарды патша өкіметі аямай қысымға салды. Мұндай белсенділік, батылдық озбыр да өктем патша өкіметі назарына бірден ілігіп, қатты қысым көрді. Көптеген арыс азаматтар жауапқа тартылып, түрмеге жабылды. Елге «іріткі салуларына» қатаң тыйым салынды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi