1. Ұлы Абайдың өлеңін оқып, өз пікірлерінді ортаға салыңдар-
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тындар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Шын көңілмен сүйсе екен кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.
Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.
Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріндікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып,
Бірінді бірің, ғиззет, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып,
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс.
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бірауыз сөз айтып күлмес...)
(Абай Кинаибо