1-өлең Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

... Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда

Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.

...Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға елеріп.

Азалы ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

 

2-өлең

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма: Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

 

 

 

 

1-мәтін

2-мәтін

 

Өлеңдердің авторы кім?

 

 

 

Айырмашылығы

 

 

 

Ұқсастықтары

 

 

Katya124354 Katya124354    1   11.05.2021 12:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi