1. Көшпелілер өркениеті – мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп – қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық табиғи – климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық жүйесі қандай? Әдетте, бұл – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200 – 400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен – көл суларының маңайында ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Жазылым.
2-тапсырма. Мәтіндегі есімдіктерді теріп жазыңыз.