1. «Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз. А) әділдік
В) даналық
С) махаббат
Д) ел бірлігі ​​​​​​​​​​​
2. Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай.
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында..
А) Төлеген
В) Қыз Жібек
С) Қаршыға
Д) Аналық​​​​​​​​​​
3. Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан?
«Төлеген деп қойыпты ұлдың атын...
... Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды.»
А) азан шақыру
В) шілдехана
С) бата беру
Д) қоштасу ​​​​​​​​​
4. Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген.
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып,
Ақжайыққа жөнеген...
А) Жібекті алып келу
В) Жар іздеу, қыз таңдау
С) Бекежаннан кек алу
Д) Ел шетіндегі жауды қайтару ​​​​​​​

5. Еділді алса,елді алар.
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса,жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса,ойды алар,
Ойлашы сонда не қалар? -деген жолдардағы автор сұрағының кімге бағытталғанын анықтаңыз
А) Ішкі ойын өзіне
В) Жиембетке
С) Ханға
Д) Нойғайлыға​

6. «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).

​​
7. Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
(3-4 сөйлем).

​​
8. Күлтегіннің бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңыз? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (4-5 сөйлем).


9. Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

10. Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілді тауып, қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем)

​​
11. «Күлтегін» жырындағы «Осы бір түркі елі ел болсын деп, бастаған ісіміз еді...» деген пікірді қалай түсінесіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз(40-50с)

irinalera22 irinalera22    3   30.10.2020 05:05    15

Ответы
arlanout arlanout  12.02.2021 15:11

1Д 2В 3А 4В 5? СОРИ

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi