1 из 2 Наурыздың екісі БЖБ Оқылым Қазақстанда жыл сайын 5 млн. тоннадан астам қалдық шығарылады. Бір ғана Алматының өзінде қоқыстың жылдық көлемі 1 миллион тоннаға жуық. Ал елордада өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың жылдық көлемі 300 мың тонна болса, тәуліктік шығарылымы 800 тоннаны құрайды. Күн сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін «Астана Тазарту» ЖШС екі ауысыммен жұмыс істейді. Бірінші ауысымда жұмысқа 47 арнайы техника, ал екінші ауысымда 23 техника жұмылдырылады. Шынын айту керек, қалдықтар барар жеріне жеткенімен, бірден жойылып кетпейді. Заңнамаға сүйенсек, экологиялық кодекстің 288-бабының 3-бөлімінде қауіпсіз жағдайда сақтауға арналған орындарда тұрмыстық қалдықтар үш жыл ғана сақталуы тиіс деп көрсетілген. Осы мерзім ішінде қайта өңдеуден өткізілуі немесе жерге көмілуі қажет. Қала ішінен тонналап шыққан қалдықтардың жүйелі түрде өңделуі немесе толығымен жойылып кетуі заң талаптарына сай 3 жылдың ішінде жүзеге асырылады десек, шындықтан алшақ кетер едік. Өкінішке орай, кей полигонның жалпы пайдалану мерзімі 18 жылды құрап отыр. Жуырда massaget.kz порталы немістің ірі өндірістік концерні Adidas компаниясының мұхиттағы қоқыстардан спорттық аяқ киім тігуді қолға алғанын жазды. Қалдықты қайта пайдалануды әдетке айналдырған елдерде бұл жаңалық сүйіншіленген жоқ. Adidas компаниясының жаңа спорттық аяқ киімі теңізшілердің мұхитқа лақтырылған балық аулауға арналған торларынан жасалады екен. «Бір-біріне оралып қалған торлар мұхиттың экологиясын бұзып қана қоймай, астынан жүзіп өткен балықтардың жойылуына да себеп болып отыр. Жаңа аяқ киім Primeknit технологиясы негізінде толығымен қалдықтан дайындалады», – дейді Parley for the Oceans мұхит экологиясын қорғау ұйымының басшысы Кирилл Гатч. Мұхитта қалып қойған торлар ағыспен келетін әртүрлі пластикалық қалдықтарды да жинайды. Мұхит бетінен алынған пластиктер дәстүрлі жолмен қайта өңделеді. Сонымен қатар, Adidas компаниясы пластиктен спорттық күртелер шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады. 1-тапсырма.Мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді анықтап, мәтіннің құрылымын талдаңыз