1) хviii -x ix ғасырларда болған ұлт азаттық көтерілістердің ордақ себептері мен салдарын сипаттаңыз
2) ұлт азаттық көтерілістердің ордақ себептері
өтініш өтініш өтініш. егерде жауап беретін болсаңыз алдын ала үлкен рахмет. ♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️​

андрейка41 андрейка41    3   09.12.2019 17:16    1

Ответы
zannaeroshik505 zannaeroshik505  06.05.2020 03:58

ответ:XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:

Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);

Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);

Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);

Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).

Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген эсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.

Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi