1.Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап,
айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе
мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті.
Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама,
күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат
етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының
себебін табармын», — дейді жолаушы.Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди
бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір
дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып,
орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін
дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен
қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың
жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық
астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей
қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған
жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала
бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі
сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын
сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын
ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын
ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді. Патша үлкен қызын
шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
1.Кіші қызы неге бақытты еді?
A) Өзінің көркіне көз тояды
В)Ақылдылығына сенімділігі
С)Өзіне жасалған игі істерді ойлайды
D)Әкесі қатты еркелетеді
E)Патща бетінен қақпайды
2. Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі:
A) Өзі
В) Сіңлісі
С) Сарай қызметшілері
D) Саяхатшы
E) Әкесі
3. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ресми іс қағаздар стилі
D) Публицистикалық стиль
E) Ғылыми стиль
4. Қай даналық ой (тағылым сөз мәтіннің түйінін ашады?
А) Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл.
В) Ізгіліктен басқа таусылмайтын, бұзылмайтын байлық жоқ.
С) Қаруың - білімің мен тілің, сүйенішің , тірегің ақылың болсын.
D) Құрметті адам болғың келсе - көптің сөзін сөйле, халық жағында бол.
E) Тәрбиеліден - тәлім, ғалымнан - ғибрат, өнерліден - өнеге ал,
3. <<Ағаш>> сөзін септеңіз
4.Сын есім дегеніміз не?Сын есім жайыңда не білетініңді толықтырып жаз,
мысалдар келтір дәлелде. Қатыстық және сапалық сын есім дегеніміз не ?
5.<<Мен болашағымды қалай елестетемін >>тақырыбында қысқаша ой
толғау жаз. Эссе

anyanice7 anyanice7    3   19.03.2021 11:40    2

Ответы
shastononelove2 shastononelove2  19.03.2021 11:50

Объяснение:

Бжб ма әлде тжб ма

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
корги1 корги1  19.03.2021 11:50

Объяснение:

1.С.

2.А.

3.В.

4.А.

А.с. не? Ағаш

І.с. ненің? Ағаштың

Б.с. неге? Ағашқа

Т.с. нені? Ағашты

Ж.с. неде? Ағашта

Ш.с. неден? Ағаштан

К.с. немен? Ағашпен

Сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиеттін т.б. білдіреді. Негізгі сұрақтары қандай? қай?

Мысалы: әдемі, үлкен, т.б. Қатыстық сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мысалы: бой-шаң адам. Сапалық сын есім заттың сын сипатын анықтайтын төл сын есім. Мысалы : қызылдау .

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi