1. Еріктің қатыгез, томырық мінезі мен «қауіпті будан» араларға тән құбылысты салыстыра талдаңдар. Ерікке берілген мінездемелерді талдау барысында символ,
метафоралық пареллель ұғымдарын қарастырып, жазушы стилін анық-
таңдар.
2. Енесін ақтық сапарға шығарып салған келіні оның сандығын ашқанда, ақ
орамалға оралған икон тауып алады. Осы деталь арқылы Нүрке кемпірдің
ақиқат болмысына талдау жасаңдар. Мұсылман дінін қабылдап, бес уақыт
намазын қаза етпей жүрген кемпірдің иконды сақтап қоюы неліктен?
3. Америкадан келген «қауіпті гибридтерді» Айнаның жойып жіберуінен
автор позициясын байқай алдыңдар ма? Нүрке өженің сол аралардың
қолынан қаза табуы арқылы неден хабар бергісі келді? Будан деген сөзді
қалай түсінесіңдер? Осы ұғымға қатысты автор ұстанымын ұлттық тұрғыда
қарастырыңдар.​

LeviAcker LeviAcker    3   18.10.2020 11:33    23

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi