1. Диалогті түсініп оқы, диалог бойынша тест жұмысын орында: - Анашым, мені таңертең ертерек оятыңызшы!
- Жарайды, ботам. Не үшін ерте тұрасың? Ертең демалыс қой.
- Дүйсенбі күні мектепте ардагерлермен кездесу болады. Соған дайындаламыз.
- Қай уақытта дайындаласыңдар?
- Таңертең сағат онда мектепте жиналамыз. Уақытында баруым керек.
- Дұрыс, балам. Кез келген кездесуге уақытынан кешікпей бару керек. Ол – мәдениеттіліктің белгісі.
- Иә, анашым. Біздің сыныптағы кейбір балалар кешігіп келеді. Мұғалім «Кешікпей келуге дағдыланыңдар, уақытты бағалау керек!» - деп, үнемі айтып отырады.
- Мұғалім дұрыс айтады. Сенің қазіргі кездегі ең басты жұмысың – сабақ оқу. Уақыт – саған берілген керемет сый. Сондықтан оны тиімді пайдалаң. Сабағынды өте жақсы оқы. Мектепте алған білімің саған өмір бойы азық болатынын да ұмытпа. Уақыт – ең қымбат дүние. Сондықтан оны бағалау керек.
1. Кейіпкерге «Уақытты бағалау керек», -деп кім айтты?
А) анасы В) досы С) мұғалімі Д) көршісі
2. Кейіпкер мектепке қандай себеппен жиналатыны туралы айтты?
А) мұғалімдер күні В) ардагерлер күні С) аналар күні Д) қорғаушылар күні
3. Таңертеңгі сағат нешеде мектепте болуы қажет?
А) тоғызда В) онда С) он бірде Д) он екіде
4. Анасы кімнің сөзін құптады?
А) өзінің В) мұғалімнің С) баланың Д) зиялының
5. Шақырған жерге кешікпей бару неге жатады?
А) тәрбиелікке В) мәдениеттілікке С) кішіпейілділікке Д) құрметке

gojenovalilya gojenovalilya    2   18.10.2020 04:48    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi