1-деңгей. Мәтіннің бірінші бөліміне ат қойып, қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғануын түсіндіріңдер. Сөйлеу әдебіне жататын сөздердің бірі – қоштасуға қатысты сөздер легі: «Сау болыңыз!», «Қош болып тұрыңыз!», «Келесі кездескенше!» немесе «Кез- дескенше!», «Көріскенше күн жақсы!» немесе «Көріскенше!», «Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз!», «Жолыңыз болсын!», «Сапар сәтті болсын!», «Аман болып тұрыңдар!», «Жақсы!», т.б. Жағдаятқа қарай қолданылатын мұндай сөздерде де мағыналық реңк, айырма бар. Мәселен, бүгін-ертең немесе таяу күндерде кездесетін, хабарла- сатын қызметтес адаммен «Көріскенше күн жақсы!», «Аман барып, сау қай- тыңыз!» деп қоштаспайтыны белгілі. Ал алыс жол, ұзақ сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға «Сау болыңыз!» деп қана қою салғырттықты білдіреді. Сондықтан мұндайда «Сапар сәтті болсын!», «Жолыңыз болсын!» тәрізді сөз орамдарын қолданамыз.