1.Дұрыс сұрақты табыңыз. А) Бұл- “Әнші құм” ба?
Ә) Бұл – “Әнші құм" бе?
Б) Бұл – “Әнші құм" ма?
В) Бұл - “Әнші құм" ме?
2.Табыс септік жалғауын ажыратыңыз.
А) Үлкен Қалқанда, Кіші Қалқанда
Ә) Алтынемелді, саябақты
Б) Төбеден, шыңнан
В) Құммен, таумен
3.Атау септікте тұрған сөзді табыңыз.
А) Қорыққа, қорықтан
Ә) Саябақта, саябақпен
Б) Төбеден, жазықтан
В) “Алтынемел”, “Әнші құм”
4.Жатыс септік сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Кіммен? Немен?
Ә) Кімді? Нені?
Б) Кімнің? Ненің?
В) Кімде? Неде?
5.Сұраулық есімдік арқылы қойылған сұрақты табыңыз.
А) “Алтынемел” – ұлттық саябақ па?
Ә) “Әнші құм" қайда орналасқан?
Б) “Алтынемел” – ұлттық саябақ?
В) Мемлекет қорғауға алған ба?
6.Ілік септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) “Әнші құм” Қазақстанда бар.
Ә) “Алтынемел” саябағына туристер көп келеді.
Б) “Алтынемел” мемлекет қамқорлығына алынған.
В) Құмтөбенің биіктігі - 150 метр.
7.ДАЛАНЫ. ДАЛАДАН. Сөздер қай септікте тұр?
А) Табыс септік, шығыс септік
Ә) Атау септік, Ілік септік
Б) Жатыс септік, Табыс септік
В) Көмектес септік, Барыс септік