1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз. А. еңбекті сүю
В. елді қорғау
С. байлықты табу
D. туған жерді аялау [1]
2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.
А артта қалмау
В. баяу жүрмеу
С. ешқайда бармау
D. ешкімге жеткізбеу [1]
3. «Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.
А. кейіптеу
В. метафора
С. теңеу
D. эпитет [1]
4. «... Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
А. «Атымтай Жомарт»
В. «Дүние қайтсең табылады?»
С. «Қыпшақ Сейітқұл»
D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» [1]
5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол дүкеннің иесі болдым, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз.
А басталуы
В. дамуы
С. шешімі
D. шиеленісі [1]
6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. [2]
7. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [2]
8. Автор өлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [2]
Объяснение:
1.Еңбекті сүю
2.Артта қалмау
3.эпитет
4.Қыпшақ Сейітқұл
5.Шешімі
6.Ол жол елдің мақсаты үшін аянбай күресу жолы.Менде автор пікіріне қосыламын.Елім,жерім деп туған ер жігіттер мақсатына жетпей қоймайды.Автор Ақтандай жетім баланың болашағынан үміт күтіп намысын қорғар ер шығатынын армандайды.
7.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің айтқан ақылы әсер еткені соншалық,Антон өз өзің қолға алып тіленшілікті қойып,адал жолмен нан табуға кірісті.Антонның бұл іс-әрекеті үлгі боларлық іс.
8.Ақтан сияқты балаларға қолдау беру үшін және оларды алда әлі көп қуанышты жайттар күтіп тұрғанын жеткізгісі келді деп ойлаймын.
9.Менің ойымша Қыпшақ Сейітқұл адал ұлтшыл,еңбекқор кісі жеңілмейді,бірақ кедей адам бірақ соған қарамас ол жеңілмейді.
10.Мен Атымтайдын бұл пікіріне қосыламын.Шынымен де адам байлыққа үйреніп кетсе,қанағатсыз қомағай бала бастайды.Оны өзіңе ғана жарата бермей,нағыз керек адамдарға бөлісу керек.