$1. Биоалуантүрлілік 1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Арал теңізінің бұрынғы қалпы қандай болғанына болжам жасаңдар. Туған жер Арал жайында біраз нәрсе білуші едім: басқасын қойғанда, дүниежүзінде жалғыз Арал теңізінің суында оттегі мол. Бекіре мен қаяз екі-ақ теңізді аймақта — Атырау мен Аралда болды. Кейінгі кезде Балтық теңізіндегі аты шулы салаканы Аралда өсіре бастады. Ғажабы: Арал суында өскен салакалар өзінің атамекеніндегі салакалардан екі есе ірі болып шықты. Көктем кезінде Изенді деген жерде шемая балығын аулау маусымы басталады. Бір қызығы, көктемде шемая деген балық Шулығанның көк тасына жиналады. Балықшылар да жылда осы араға келіп, бір айдай «ұлы дүбір» салады. Бұл кездегі балықтың көптігі сонша оларды кей жыл- дары Аралдағы бүкіл балық зауыттары жабылып игере алмайды... «Әр журналдан бір оқып, үзіп-жұлып алған шым-шым әсерлерін дәл бір өз басынан шыққан дүниедей қып жүргендерге Арал теңізінің осы бір көрінісін көрсетер ме еді!» деп ойлайсың. Айта берсең, Аралда ғажайып нәрселер көп. (Ә.Нұрпейісов)
сұрақ қандай тусыныксыз болып тұр